VH1
| VH1 | |
|---|---|
| VH1 телеарнасының логотипі | |
| Бұрынғы атауы | VH1: Video Hits One (1985—1987) VH1: Music First (1994—2003) |
| Құрылған жылы | 1 қаңтар 1985 жыл |
| Жабылған жылы | 1 тамыз 2021 жыл |
| Ізбасарлары | MTV 00s |
| Иесі | MTV Networks (Viacom) |
| Ұраны | Сіз бұған дайынсыз ба? (ағылш. Are you ready for this?) |
| Мемлекеті | |
| Тілі | ағылшын |
| Таратылу аймағы | |
| Туыс арна(лар)ы | |
| Веб-сайты | www.vh1.com |
| Қол жетімділігі | |
| Жерсерік | |
| DirecTV (U.S.) | 335 (SD/HD) 1335 (VOD) |
| Dish Network (U.S.) | 162 (SD/HD) |
| Yes (Israel) | 76 |
| Tata Sky (India) | 725 |
| Airtel digital TV (India) | 386 |
| DSTV (South Africa) | 323 |
VH1 (Video Hits One) — Нью-Йоркте орналасқан және Paramount Global компаниясына тиесілі американдық телеарна. Оның негізін Warner Communications бөлімшесі және MTV-нің ең алғашқы иесі саналған Warner-Amex Satellite Entertainment компаниясы қалады. Арна 1985 жылы 1 қаңтарда Turner Broadcasting System корпорациясының ғұмыры қысқа болған кабельдік музыкалық арнасының бұрынғы студиялық үй-жайында хабар тарата бастады.
Телеарна MTV-дің зор табысынан кейін құрылғанымен, оның бағдарламалық мазмұны өзгеше болды: VH1 эфирде көбіне MTV-ге қарағанда жасы үлкенірек аудиторияға арналған бейнебаяндарды таратты.[1] Кейінірек VH1 эфирдегі таза музыкалық мазмұнның үлесін азайтып, оның орнына музыканттар мен танымал тұлғалар туралы реалити-шоуларға, сондай-ақ афроамерикандық аудиторияға бағытталған бағдарламаларға баса назар аударды. Арнаның ең танымал жобаларына «Музыканың арғы жағында», «Мен ... жақсы көремін», «Celebreality» блогы және «Махаббат және хип-хоп» шоулары жатады.
2016 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша АҚШ-тағы шамамен 90,2 миллион үй шаруашылығының VH1 арнасын көруге мүмкіндігі болды.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Rick Sherwood. VH-1 Wants Adult Video Viewers, Spokane Chronicle (5 қазан 1984). Мұрағатталған 6 қарашаның 2021 жылы. Тексерілді 6 қарашаның 2021.