UK Singles Chart
UK Singles Chart (қазіргі атауы — Official Singles Chart, ал оның жоғарғы бөлігі көбінесе Official UK Top 40 деп аталады)[1] — Ұлыбританиядағы физикалық сатылымдар, ақылы жүктеулер мен стриминг негізінде ең көп сатылған синглдердің тізімін жасайтын, Британдық дыбыс жазу индустриясының атынан Official Charts Company (OCC) компаниясы құрастыратын чарт. BBC Radio 1 және бұрын MTV арнасы арқылы таратылатын Ресми чарт (Official UK Top 40) — Ұлыбритания музыка индустриясындағы синглдер мен альбомдардың танымалдылығын айқындайтын ресми әрі танылған өлшем бірлігі. Өйткені ол өз түрі бойынша ең ауқымды зерттеу панелі болып табылады: бүгінде ол күн сайын 15 000-нан астам бөлшек сауда орындары мен цифрлы қызметтерді зерттей отырып, апта бойы Британияда тұтынылатын барлық синглдердің 99,9%-ын және альбомдардың 98%-дан астамын қамтиды.[2] Чартқа ену үшін OCC синглге мынадай анықтама береді: бұл төрт тректен аспайтын және ұзақтығы 25 минуттан ұзақ емес «сингл жинағы» немесе ең төменгі сату бағасы 40 пенни болатын, ұзақтығы 15 минуттан аспайтын бір цифрлы аудио трек болуы тиіс.[3] Технологияның дамуына байланысты бұл ережелер бірнеше рет өзгерді: атап айтқанда, 2005 жылы цифрлық жүктеулер, ал 2014 жылдың шілдесінде стриминг қосылды.[4]
OCC веб-сайтында Топ-100 чарты жарияланады.[5] Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары бұл тізімнің тек алғашқы 40 орындығын ғана береді (мысалы, BBC радиосы 1970 жылдары Кейси Кейсемнің «American Top 40» шоуына еліктеп, Radio 1 бағдарламасында осылай жасайды) немесе Music Week журналы сияқты Топ-75 тізімін ұсынады (ондағы Топ-75-ке енген барлық жазбалар «хит» деп аталады). Чарт аптасы жұма күні сағат 00:01-де басталып, бейсенбі күні түн ортасында аяқталады.[6] Топ-40 чарты алғаш рет жұма күні BBC Radio 1 арқылы сағат 16:00 мен 17:45 аралығында The Official Chart ретінде таратылады, содан кейін ғана толық Official Singles Chart Top 100 тізімі Official Charts Company сайтында жарияланады. Бәсекелес басқа бір чарт шоуы — The Official Big Top 40 Ұлыбританиядағы Capital және Heart радиостанцияларында жексенбі күндері сағат 16:00 мен 19:00 аралығында эфирге шығады. The Official Big Top 40 тек Apple деректеріне (Apple Music стрингтері мен iTunes жүктеулері) және Global радиожелісіндегі коммерциялық радиоэфир көрсеткіштеріне негізделед
Ұлыбританияның синглдер чарты 1952 жылы жасала бастады.[7] Ресми чарттар компаниясының (Official Charts Company) статистикасы бойынша, 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1 200 сингл Official Singles Chart тізімінің көш басында болған. 1950 жылдар мен 1980 жылдар аралығында бір-бірімен бәсекелес чарттардың тым көп болуына байланысты көшбасшы әндердің нақты саны әлі де талқы тудырады, алайда әдетте «Guinness Book of British Hit Singles» кітабы мақұлдаған және кейін Ресми чарттар компаниясы қабылдаған тізім қолданылады. Компания 1969 жылғы 11 ақпанға дейінгі кезең үшін New Musical Express чартының таңдаулы кезеңін (тек 1952–1960 жылдар аралығы) және 1960 пен 1969 жылдар аралығындағы Record Retailer чартын ізашар ретінде қарастырады (бұл кезеңде бірнеше бәсекелес чарттар қатар өмір сүрді, бірақ олардың ешқайсысы ресми болмаған). Мысалы, BBC сол кездегі музыкалық басылымдардың орташа көрсеткішіне сүйене отырып, өз чартын өзі жасады; 1969 жылға чейин BBC радиосы мен «Top of the Pops» бағдарламасында бірінші орынға жетті деп жарияланған көптеген әндер чарттар компаниясының ескі критерийлері бойынша көшбасшылар тізіміне енмеген.
Ұлыбританияның синглдер чартындағы алғашқы бірінші орын 1952 жылғы 14 қарашада аяқталатын аптада Эл Мартиноның «Here in My Heart» әніне бұйырды. 2026 жылғы 17 қыркүйекте аяқталатын аптадағы мәлімет бойынша, Ұлыбританияның синглдер чартында 1 458 түрлі бірінші орын алған хит болды, олардың ешқайсысы Сэм Фендер мен Оливия Диннің «Rein Me In» әнінен ұзақ уақыт бойы бірінші орында тұрған жоқ. Чарттағы қазіргі бірінші орындағы ән — Сиенна Спироның «Great Expectation» туындысы.[8]
Рекордтық нәтижелер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Британ хит-парадының патшасы деп Клифф Ричардты атайды. Ол хит-парадтың алғашқы бес онжылдығының әрқайсысында кем дегенде бір рет бірінші орынға көтерілген жалғыз өнерпаз. Ұлыбритания хит-парадында ең көп уақыт өткізген синглдердің иелері (2015 жылдың соңындағы деректер бойынша):
- Элвис Пресли — 2574 күн
- Клифф Ричард — 1983 күн
- Queen — 1755 күн
- The Beatles — 1749 күн
- Мадонна — 1660 күн
- Элтон Джон — 1626 күн
Хит-парадта бірінші орынға шыққан синглдердің саны бойынша келесі орындаушылар көш бастап тұр:
- 21 — Элвис Пресли[9]
- 17 — The Beatles
- 14 — Клифф Ричард пен Westlife
- 13 — Мадонна
- 12 — Take That пен The Shadows
- 10 — Calvin Harris
- 9 — ABBA, Spice Girls, Эминем, Рианна
- 8 — The Rolling Stones, Oasis
- 7 — Майкл Джексон, Джордж Майкл, Кайли Миноуг, U2, McFly, Элтон Джон, Робби Уильямс, Tinie Tempah, Сэм Смит
- 6 — Queen, Slade, Род Стюарт, Blondie, Boyzone, Sugababes, JLS, Бритни Спирс, Дэвид Гетта, Джастин Бибер
Бірінші орында ең ұзақ сақталған синглдер: Брайан Адамстың орындауындағы «Everything I Do (I Do It For You)» (1991 жылы 16 апта) және шотландиялық Wet Wet Wet ұжымының орындауындағы «Love Is All Around» (1994 жылы 15 апта).
Westlife тобы бірегей рекордтың иегері болып табылады: бұл топтың алғашқы 7 синглі түгелдей британиялық синглдер хит-парадының көш басында болды[10].
- 2012 жылдың маусымында Official Charts Company синглдер хит-парадындағы ең коммерциялық табысты 12 орындаушының тізімі — «Гауһар ондықты» (ағылш. Diamond Dozen) жариялады:[11]
- The Beatles — 21,9 миллион дана
- Элвис Пресли — 21,6 миллион дана
- Клифф Ричард — 21,5 миллион дана
- Мадонна — 17,6 миллион дана
- Майкл Джексон — 15,3 миллион дана
- Элтон Джон — 14,8 миллион дана
- Queen — 12,6 миллион дана
- ABBA — 11,2 миллион дана
- Дэвид Боуи — 10,6 миллион дана
- Рианна — 10,4 миллион дана
- Пол Маккартни — 10,2 миллион дана
- Кайли Миноуг — 10,1 миллион дана
Синглдер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]2012 жылдың қарашасында Official Charts Company хит-парадтың 60 жылдық мерейтойына (1952—2012) орай тиражы бір миллионнан астам сатылған 123 сингл тізімін жариялады (ағылш. The Million Sellers). Үздіктер қатарында[12][13]:
- — «Candle in the Wind 1997» — Элтон Джон — 1997 — 4,90 млн көшірме.
- — «Do They Know It’s Christmas?» — Band Aid — 1984 — 3,69 млн көшірме.
- — «Bohemian Rhapsody» — Queen — 1975 — 2,36 млн көшірме.
Тағы қараңыз
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Official Singles Chart Top 100. Official Charts Company. Тексерілді, 31 наурыз 2021.
- ↑ Kreisler, Lauren How The Charts Are Compiled. OfficialCharts.com. (12 March 2018). Тексерілді, 12 наурыз 2018.
- ↑ Rules For Chart Eligibility: Singles. London: Official Charts Company. (April 2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 маусым 2015. Тексерілді, 1 маусым 2015.
- ↑ Lane, Daniel Streaming and the Official Singles Chart: Everything you need to know!. Official Charts Company. (23 June 2014). Тексерілді, 24 маусым 2014.
- ↑ Official Singles Chart Top 100. OfficialCharts.com. Official Charts Company. Тексерілді, 15 наурыз 2018.
- ↑ About Us - Who We Are - FAQs. Theofficialcharts.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 қараша 2012. Тексерілді, 5 желтоқсан 2012.
- ↑ Will.I.Am's This Is Love becomes UK's 1200th Number 1. Official Charts Company. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 қазан 2012. Тексерілді, 6 шілде 2012.
- ↑ Official Singles Chart Top 100. Official Charts Company.
- ↑ Levine, Nick Madonna scores 13th UK number one. Digital Spy. (20 сәуір 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 наурыз 2012. Тексерілді, 15 қараша 2010.
- ↑ Westlife. Басты дереккөзінен мұрағатталған 7 маусым 2012.
- ↑ Названы самые успешные артисты в истории британского чарта. Lenta.ru. (5 маусым 2012). Басты дереккөзінен мұрағатталған 8 маусым 2012. Тексерілді, 5 маусым 2012.
- ↑ Названы самые успешные синглы в истории Великобритании. Lenta.ru. (6 қараша 2012). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қараша 2012. Тексерілді, 6 қараша 2012.
- ↑ The Million Sellers — the UK’s biggest ever selling singles revealed!. Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қараша 2012. Тексерілді, 6 қараша 2012.