Мазмұнға өту

Апатит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Апатит (көне грекше: ἀπατάω - алдаймын, басқа минералдармен жиі шатастырылғандықтан осылай аталып кеткен) - фос-фаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: Са5[РO4]3(F, Cl, ОН). Гексагонал сингонияда кристалданып, ұзынша, алты қырлы призма тәрізді кристалдар немесе топырақ не конкреция түріндегі ұсақ түйіршік масса құрайды.[1] Түсі ақ, жасыл, көк, қоңыр, күлгін, кейде түссіз келеді. Жылтырлығы шыны не май тәрізді болады. Қаттылығы 5, морт сынғыш, жымдастығы нашар, менш. салм. 3,2 г/см3. Апатит сілті және қышқыл құрамды магмалық жыныстарда (нефелинді сиениттерде), карбонатиттерде, кристалдық тақтатастарда, әр түрлі шөгінді және гидротермал жыныстарда кездеседі. Апатиттің шөгінді жыныстардағы кара сұр, тасберіш (конкреция) пішіндес түрі фосфорит деп аталады. Апатиттің ірі кендері Кола түбегінде, Байкалда, фосфорит кендері Қаратауда, Ақтөбе облысында орналасқан. Апатит фосфор тыңайтқыштарын өндіруде, фосфор қышқылы мен оның тұздарын алуда, қара және түсті металдар және шыны өндірісінде қолданылады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. ↑ Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
  2. ↑ Қазақ энциклопедиясы I том